Бұл ереженің мәні: мақсатыңа жету үшін күніне 20 минут қана уақытыңды бөлу жеткілікті. Ол дегеніміз:
Күн сайын спортпен айналысуға 20 минутыңды арна, сонда денсаулығың жайлы еш алаңдамайтын боласың🤙🏻
Үй шаруасын реттеуге күніне 20 минут уақыт бөл, сонда үйің шашылмай, жинақы тұратын болады🏠
Жеке күнделігіңді жүргізіп, ойларыңды жазу үшін өзіңе 20 минут арна, сонда жаңа идеялар басыңа өзі-ақ келетін болады📖
Түстен кейін 20 минуттай демалып, жата тұруды әдетке айналдырсаң, шаршаудың не екенін ұмытасың🗿
Кітап оқымаған адам жетістікке жете алмайды, сондықтан пайдалы кітап оқып, біліміңді кеңейтуге 20 минутыңды аяма📚
Егер сен күн сайын әр іске 20 минутыңды арнайтын болсаң, бұл саған мақсатыңды орындауға ғана емес, жалқаулықтан құтылып, жетістікке жетуге де көмегін тигізеді. Бастысы өзіңе деген сенімділігіңді жоғалтпай, алдыға ұмтылуды тоқтатпасаң болғаны.