Қазақша посттар

Шектік балл жинамағандар не істейді?

Бір жақсы жері, шығатын жол көп

Бір жақсы жері, шығатын жол көп. Оның ең жақыны тамыз айында болатын тест. Маусымдағы ҰБТ-дан шектік баллға жетпесеңіз, ары қарай дайындала беріңіз. Тамыз айындағы тестке қатысып, тағы да бағыңызды сынап көресіз.


Сосын тағы бір мәселе бар. Мына өмір бір қалыпты тұрмайды. Бүгін суық, ертең ыстық деген секілді. Шектік баллға жетпегендер үшін Білім министрлгі арнайы бір жоба ұйымдастыра салуы да мүмкін ғой. Болмауы да мүмкін. Яғни, ылғи JOO.KZ жаңалықтарына құлағыңыз түрік жүрсін. Болып жатса міндетті түрде хабарын береміз.



Гранттың бір бөлігі игерілмей қалуы да мүмкін былтырғыдай.


Кейбір алпауыт компаниялар өзінің грантын ұсынуы мүмкін. Яғни, компания сізге ақы төлеп оқытады. Бітірген соң бірнеше жыл сол компанияда жұмыс істейсіз. Бұл да тәжірибеде бар. Оны өзіңіз ізденіп табуыңыз керек. Немесе келесі жылы ҰБТ-ға дайындалыңыз.


Немесе ақылы курстарға оқып, өзіңізді дамытсаңыз да болады. Жеке бизнесіңізді ашып, қатарыңыздан озып кетуіңіз де мүмкін. Оқуға түсе алмай қалғандардың бәрі шетінен тентіреп кетеді деген нәрсе жоқ. Қай вариант сізге қазір дұрыс? Комментке жазыңыз. Сізді қолдаушылар табылады.