10-11 сыныптың оқушысынан өмірдегі арманың не деп сұрасаң, ол да ата-анамның үмітін ақтап, грантқа оқуға түсу дейді. Университет бітірген студенттен сұрасаң, ата-анамнының үмітін ақтайтын жұмыс табу дейді. Жас маманнан Арманың не деп сұрасаң, Әке-шешеме ұнайтын әйел/күйеу табу деп жауап береді. Бала кезден бізді осылай гипноздап тастады ма әлде өзіміз солай таңдап алдық па?
Бұл өмірді ата-ана үшін сүреміз бе әлде өзіміз үшін бе? Біздің бақытты болғанымыз ата-ананың үмітінің ақталуы емес пе? Оны келіп грантқа түсумен, үйленумен, көлік әперіп, қажылыққа апарумен шектеп қою қателік боп шығады. Грантқа түсіп оқисың ба, ақылы оқисың ба, жоғары оқу орнында оқымай-ақ адам боп шығасың ба бәрібір. Бастысы мына заманда қай түрін алсаң да білім алудың жолы көп.
Арман деген өзіңді, қоғамды, әлемді, еліңді жақсы жаққа өзгертуге бағытталады.