Каникул кезінде ҰБТ-ға дайындықты қалай тастамауға болады?
Демалыстың басталуы және келе жатқан мейрам құтты болсын!
Каникулда ҰБТ-ға дайындықты тастамау үшін не істеу керек?
ҰБТ-ға 10 апта қалғанын есіңнен шығарма. Сабақпен қоса ҰБТ-ға дайындықты алып жүргеннен көрі, демалыс кезінде барлық қиын тақырыптарға дайындалып алған жақсырақ.
Алдын-ала жоспарлап, қай күні қай пәннен дайындалатыныңды белгілеп ал. Жоспарың сәтті орындалу үшін таңға дейін тиктокта отырғанды доғар 😂
Ең дұрысы - ұйқы графигіңді сақтау. Адам түстен кейін оянса, өзін күні бойы жаман сезініп, ҰБТ-ға дайындық түгілі жай далаға шығып қайтудың өзі қиындыққа соғады.
Каникул бәріңе сәтті өтсін 🧡