Саған жақсылық ойлап, қиын кезде жаныңнан табылатын адамдармен көбірек аралас. Өзің жақсы көретін заттармен айналысып, жетістікке жетуге ұмтылатын, өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын жандардың ортасында болып, солардан үлгі ал. Өзіңді қуанту, бақытты ету - ол өз қолыңда екенін ұмытпа.
Жетістік әрдайым өз-өзін жан-жақты дамытып, табандылық таныта білетін адамдарға келеді. Сондықтан да, үнемі өз-өзіңнен "Мен қайтсем өзімді жетілдіре аламын?", "Арманыма жету үшін не істеуім керек?" деп сұрап, өміріңді жақсы жаққа өзгертуге талпынғаның жөн. Егер мақсатың айқын, көзқарасың ашық болса, сен үшін алынбайтын асу, берілмейтін қамал қалмайтынына күмәнің болмасын.