Қазақша посттар
2022-07-26 13:35 Мотивация

Арманың орындалсын! 🧡

Өзгелерден "Жоқ" деген жауапты естуден, әртүрлі сәтсіздіктерге ұшырап, армандарыңды орындай алмаудан қорықпа. Қиындық әрқашанда болады және одан қашып құтыла алмайсың. Сол себепті де, әрбір сәтсіздіктен сабақ алып, алға ұмтылуды ешқашан тоқтатпа.

Саған жақсылық ойлап, қиын кезде жаныңнан табылатын адамдармен көбірек аралас. Өзің жақсы көретін заттармен айналысып, жетістікке жетуге ұмтылатын, өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын жандардың ортасында болып, солардан үлгі ал. Өзіңді қуанту, бақытты ету - ол өз қолыңда екенін ұмытпа.

Жетістік әрдайым өз-өзін жан-жақты дамытып, табандылық таныта білетін адамдарға келеді. Сондықтан да, үнемі өз-өзіңнен "Мен қайтсем өзімді жетілдіре аламын?", "Арманыма жету үшін не істеуім керек?" деп сұрап, өміріңді жақсы жаққа өзгертуге талпынғаның жөн. Егер мақсатың айқын, көзқарасың ашық болса, сен үшін алынбайтын асу, берілмейтін қамал қалмайтынына күмәнің болмасын.