Қазақша посттар
2022-08-03 13:29 Пайдалы кеңестер

Лайфхак: 100 цифрына жақын сандарды бір-біріне көбейту

93*97=? Мектепте үйреткен әдіспен көбейтсең, 93*7 + 93*9 = 651 + 837 = 9021 шығады. Бірақ іш пыстыратын метод. Оңай жолын үйренгің келе ме?

Екі цифрдан 100-ге қанша жетпейтінін жазайық:

93 7

97 3


Крестик әдісімен үлкен саннан кіші санды азайтамыз. 93-3 = 90; 97-7 = 90. Екеуі де бір сан шығады: 90. Бұл – дұрыс жауаптың алғашқы екі цифры.

Ал енді оң бағандағы цифрды көбейтеміз: 7*3 = 21. Бұл дұрыс жауаптың соңғы екі цифры. Сонда шығады: 93*97 = 9021.


Ал енді 97*98 есептеп көр.

97 3

98 2

97 – 2 = 95;

98-3=95.

2*3 = 6

9506!


Ал енді 88*88 қанша шығады?

88 12

88 12

76 және 144. 7600 + 144 = 7744.

Естеріңе саламыз. JOO.kz қосымшасында ТЕГІН пробный тапсырып, қатемен жұмыс жасауға болады!