Қазақша посттар
2022-08-04 14:33 Пайдалы кеңестер

Ұйқым қанбай жүр, не істеймін?

Ұйқы бұзылса, қандағы қант деңгейі көтеріліп, эмоционалды жағдай да нашарлай түседі.

Көріп тұрғаныңдай, ұйқының сапасына сен ойлағаннан да көп мән беру қажет. Ал енді ұйқыны қандыру үшін не істеу керек? Соған тоқталып өтейік.


1. Ұйықтайтын бөлмеңде телефонның немесе басқа да электронды құрылғылардың жарығы қосулы болмауын қадағала. Бөлме неғұрлым қараңғы болса, соғұрлым жақсы ұйықтайтын боласың.


2. Ғалымдар есінеу механизмін әлі толық зерттеп болған жоқ, бірақ жақында жүргізілген зерттеу нәтижесінде адам есінеу арқылы өзін ұйықтатуға емес, оятуға әрекет жасайтыны анықталды. Сол үшін кешке қарай есінемеуге тырыс, бұл ұйқыңды қашырады.


3. Жатар алдында ыстық ваннадан гөрі сәл салқындау душ қабылдаған ағзаға әлдеқайда пайдалы. Сондай-ақ ұйықтар алдында терезеңді ашып, желдетіп алу да, саған жақсы ұйықтауға көмектеседі.


4. Тезірек ұйықтап қалу үшін жатар алдында жасауға болатын бір істі таңдап, соны ритуалға айналдырып алсаң болады. Тіс жуу, есіктерді құлттау секілді қарапайым істерді күнделікті ұйықтар алдында қайталайтын болсаң, олар сен үшін ритуалға айналып, ұйқымен байланысты бола бастайды. Соның арқасында сен еш қиындықсыз ұйқыға кететін боласың.