Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ-дан жоғары балл алғың келе ме?

Ұзақ уақыт бойы бір сарынды өмірден шыға алмай қалатын кездер болады. Мұндай кезде болар-болмас болса да әрекет жасау керек. Оны тұрақты жасау керек. ҰБТ-дан алып жүрген баллыңа көңілің толмай ма? Дым өсім болмай жатыр ма? Онда саған бір құпияны айтайын: күнде таңертең жүгіруді баста.


Жүгірудің ҰБТ-ға не қатысы бар деп ойлауың мүмкін. Тікелей қатысы бар. Жүгірмейтін адамға жүгіруді бастау қиынға соғады. Ол үшін өзіңді жеңе білу керек. Таңертең өзін жеңіп, жүгіруді бастаған адамның миынды үлкен өзгеріс туады. Екі ай тоқтамай жүгіріп көр. Миың бүкіл жұмысын қайтадан басынан бастағандай күй кешесің. Ойлау жүйең өзгереді. Ортаң да өзгереді. Бұрын тісің батпайтын шаруаларды оңай бітіріп тастайсың. Бұған дейін байқамай жүрген мүмкіндіктерді ұстап, пайдаланасың.

Сонымен, жүгіруді бастаймыз ба?