Қазақша посттар
2022-08-03 11:56 Мотивация

Жетістікке жетудің ешкім айтпайтын кілті

Жетістікке жету үшін көбіне жауапкершілік, батылдық қасиеттері жайлы айтылады. Ал бір қасиет ылғи шетте қалып қояды: ол – ауруға төзе білу. Ол қандай аурулар десең, толып жатыр. Жақындарыңның сенбеуі, біреудің сынауы, қиындықтар, бас тарту, қаржы, қорқыныш, т.б.


Мысалы, Айдос деген оқушы экономист мамандығын таңдап, оқу бітірді, сол салада жұмыс істейді делік. Сөйтсе, бұл мамандықты ұнатпайтын боп шығады. Оған веб-дизайн ұнайды екен. Сөйтіп бір күні бір айлық отпуск кезінде әдемі сайт жасауды үйренеді. Клиент табуды үйрететін курсқа қатысады. Бәрін шабытпен, энергиямен жасады.


Сөйтіп жүріп алғашқы клиентпен келісімге отырады. Бірақ тәжірибесі болмағасын сайты да онша емес болады. Клиент ақшасын төлемейді. Сосын тағы да клиент табады. Бұл жолы сайты күшті шығады, бірақ клиент телефонын көтермейді. Көңілі түсіп кеткен Айдос «веб-дизайн саласында жұмыс істей алмайды екенмін» деп осы жерден тоқтата салады. Қайтадан экономист жұмысына оралады.

Міне, Айдосты ауруы жеңді.

Ал сен ҰБТ-ға дайындалып, грант ұту үшін сондай ауруларға төзуге дайынсың ба?