Тіл үйрену бір күнде тындырып тастауға болатын іс емес. Бұл ұзақ уақытты, үлкен табандылықты, шыдамдылықты және құлшынысты қажет ететін процесс. Бірнеше тілде еркін сөйлей алатын адамдардың көптеген артықшылықтарға ие болатыны да осы себептен.
Сонымен тіл білудің қандай артықшылықтары бар?
- Тіл үйрену есте сақтау жүйесін дамытып, ми жұмысына жағымды әсер етеді. Және де тіл үйрену логикалық ойлауды дамытып, математиканы түсінуді біршама жеңілдететінін, MIT университетінің мамандары жүргізілген зерттеулер барысында анықтады.
- Жаңа тіл үйрену арқылы мида жаңа нейронды байланыстар пайда болып, Альцгеймер, шизофрения секілді ауруларға шалдығу қаупі азая түседі.
- Тіл білу саған бөтен елдің мәдениетімен, өмір сүру стилімен жақынырақ танысуға жол ашады. Бұл бір жағынан сенің көзқарасыңды кеңейтіп, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
- Қазіргі дамыған, жаһандану заманында ұлттар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығып, тіл мамандарына деген сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, тіл үйренуді баста. Бірнеше тілді жетік білгеннің жемісін, болашақта әлі талай көретін боласың.
Ағылшын тілінде 1,5 миллиард адам сөйлейді. Бұл тілді білу тіпті Қазақстандағы кейбір университеттер мен мамандықтарға түсуде де маңызды рөл атқарады.
Ағылшын тіліңді жеткілікті деңгейге дейін 2-ақ айда көтергің келсе, бізбен бірге дайындал. Ол үшін МЫНА сілтемеге өт.