Қазақша посттар

Сүріндіңбе - тұр, шаңыңды қақ, әрі қарай жүр!

Қаншама адамдар өмір сүріп жүрген жоқ, керісінше жай ғана осы өмірде бар деген атпен жүр. Олардың ешқашан қолдары босамайды: жұмысқа бару, кешкі ас дайындау, кафеге бару және тағы басқа.





Барлығы уақытпен, графикпен жүруге үйренген. Бірақ олардың армандары қайда қалды? Әрине іштей әркімнің өз армандары болады. Біреу көп ақша тапқысы келеді, енді біреуі күнделікті шаруадан құтылып, ешкім білмейтін тыныш жерге кетуді армандайды. Бұл жердегі проблема: әркім тек өз армандарында ғана бақытты, ал шын өмірде күнделікті істер оларға ешқандайда қуаныш алып келмейді.





20 ғасырда американдық ғалымдар қатыгез эксперимент жүргізіп көреді. Олар бір итті торға қамап, есігін жауып, тоқпен ұра бастайды. Ит үріп, тісін қайрап, торды айналып жүгіре жөнеледі. Бірақ бір кезде ит беріліп, күресуін тоқтатады. Содан кейін ғалымдар торды ашып, итті тоқпен ұруды жалғастыра береді. Ит сол күйінде жата береді.





Бұл эксперимент психологияда жаңа түсінік қалыптастырды: үйренген дәрменсіздік синдромы. Бала кезден бастап бізге қателік жасамауды, сәтсіздікке ұшырамауды және жеңіліп қалмауды үйретеді. Жоғарғы оқу орнына түскенде де: бастысы жұмыс табылатын мамандықты оқы, армандаған оқуыңа түсе алмайсың, босқа өзіңді қинама деп айтатын ата-аналар болады.





Егер біз қолыңнан келмесе күреспе, беріле сал деген фразаларды естіп өссек, онда бұл кейінгі өмірімізге де әсер етпей қоймайды. Бір қателік жасадық па, болды тез беріле қоямыз. Өйткені бұл біздің бойымызда бала кезден бастап қалыптасқан әдет.



Қиындық мінезді қатайтып, оны мықтырақ ете түседі.





Дәрменсіздік танытып, бәріне көне берсеңіз өміріңіздің өзі сондай дәрменсіз нәрсеге айналады. Керісінше жоқ, мен күресуім керек, алға жылжуым қажет, өз болашағым - өз қолымда десеңіз өмір де сізге бар мүмкіндікті беруден еш аянбайды.