Мектепте 11-ші сыныпта ылғи айтып жүретін әзілім бар еді. Маған маңызды нәрсенің бәрі 3 әріптен тұрады. Мысалы: ана, әке, дос барлығы 3 әріп. ҰБТ да кіреді оның ішіне. 8 жыл өтті. ҰБТ қатты маңызды емес екен 😂
Түймедейді түйедей қылатын әдетіміз бар ғой біздің. Сол кезде ҰБТ-ны өмірімді шешетін нәрседей көретінмін. Сол тесттен өтпесем әрі қарай өмір жоқтай көрінетін. Грантқа түсе алмадым. Оказывается дальше өмір бар екен. Өмірдің көкесі содан кейін басталады екен 😂
11 оқып жүргенде бітіріп кеткендер айтатын: ой дым да емес бұл ҰБТ деп. Сол кезде ішімнен ойлайтынмын: қуа ма мыналар? Саған дым да емес шығар. Ал бізге прям маңызды деп.
Уақыт өткен соң шынымен дым да емес екенін түсінесің. Ойын ойнағанда бір миссиядан өтесің ғой, сол сияқты бұл да. Өте алмасаң мен сияқты қайтадан тапсыруыңа болады. Үш рет 😂
Мен 125 тен 103 балл алып, түсе алмай қалдым. Қызықтың бәрі осы жерде. Қалай? Не болды сонда?
Бірден айтайын: Мен ҰБТ-ға салғырт қарамадым. Бірақ қатты беріліп те кетпедім. Баланс ұстап тұрғанмын. Содан шығар бірінші оқуға түсе алмаған кезде аспан айналып жерге түскендей трагедия жасамадым)
Таңдау пәнім қазақ тілі - әдебиеті болды. Өзімді журналист немесе педагог ретінде көретінмін. Әңгімеге әзіл қосып ортамды күлдіртіп, атмосфералы қылып жүрем деп ойлайтынмын. Қазір солай жүрген сияқтымын бірақ) Алла осылай айналдырып алып келетінін кім білсін)
Сондықтан кейде бір жолымыз болмай қалса: ой мынау менікі емес деуді қойыңдар. Мүмкін саған одан да күшті нәрсе дайын тұрған шығар кім біледі?
Таакс ҰБТ-ға оралайық. 11-ші сынып, тест тапсыратын күн. Өзімді уверенно сезініп тұрмын. Ешқандай мандражсыз, қорықпай тапсырып шықтым. Кешке жауабы келді. 103 балл. Ойдағыдай) Грантқа түсем деп уже дәмеленіп қойғанмын. Әйтпесе платный оқитын жағдай жоқ бізде)
ЕНУ-ға барып, Филология, Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі, үшінші таңдағанымды ұмытып қалдым 😂
3 мамандыққа тапсырып, грантымды күтіп жүрмін. Туған күніме 1 апта қалғанда грант жауабы шықты. Былай қараймын жоқ, былай қараймын жоқ. Исчез. Деген Туканың әзілі бар еді ғой 😂
Жоқпын. Грант 88 ден басталған. Ал мен орыс тілсіз 87 алғанмын. Үмітсіз шайтан демекші, обновить ете берем ана страницаны табылып қалармын деп. Сөйтіп грантсыз қалдым. Сонша дайындалғаным қайда қалды? 103 алдым деп қуанғаным қайда? Астанада қыдырам студент болып дегенім қайда? Бәрі фук етіп жоқ болды.
Маманы аяп кеттім. Туыстарға не дейді? Ой көп. Не істерімді білмеймін… Сөйтіп мамамен ересек адамдай сөйлесем деп шештім)
Қасына отырдым да, платный оқымаймын дедім. 1 жыл жұмыс істей тұрайын, сізге ақша беріп тұрамын, сөйтіп бір жылдан кейін КТА тапсырып грантқа түсем деп шешкенімді айттым.
Жалғасын салайық па?