Кейде біз кейбір әрекеттеріміз өзімізге зиянын тигізіп жататынын байқамаймыз. Біз сендер үшін оқушылар жиі қайталайтын қандай қателіктерді қайталамау керектігі жайлы шағын кеңес жаздық:
- ҰБТ-ға бір күн қалғанда үлгермеген тақырыптарды қайталаймын деп асықпа, сенің миың тынығып, экзаменге сабырлы күйде бару қажет.
- Шпор жазып, оны тығып алып кіру - академиялық адалдықты бұзады. Тәртіп бұзушылық бәрібір түбінде белгілі болып, соңы жақсы болмайды. Сен ҰБТ-ны шпорсыз да жақсы тапсырасың.
- ҰБТ-ға кірер алдын зиянды тамақтар емес, жеңіл ас қабылда. Мысалы, сұлы жармасынан (овсянка) дайындалған каша ұзақ уақытқа дейін аштық сезімін білдірмейді.
- Ұйқыны реттеу маңызды. Миды ретке келтіргендей үстелді жиі ретке келтір, 1 күн қалғандағы дайындық - дұрыс шешім емес.
- ҰБТ алдында көңіл-күйіңді бұзатын жағдайлардан барынша аулақ бол. Себебі, оның барлығы теріс әсерін тигізеді.
ҰБТ қазір сенің өміріңдегі шешуші сәттердің бірі болып көрінуі мүмкін, дегенмен олай емес. ҰБТ-дан сәтті өтіп, грант иегері атануларыңа тілектеспіз.