Қазақша посттар
2022-07-26 17:13 Пайдалы кеңестер

ҰБТ-да зиянын тигізетін 5 әрекет 😰

Кейде біз кейбір әрекеттеріміз өзімізге зиянын тигізіп жататынын байқамаймыз. Біз сендер үшін оқушылар жиі қайталайтын қандай қателіктерді қайталамау керектігі жайлы шағын кеңес жаздық:

  1. ҰБТ-ға бір күн қалғанда үлгермеген тақырыптарды қайталаймын деп асықпа, сенің миың тынығып, экзаменге сабырлы күйде бару қажет.
  2. Шпор жазып, оны тығып алып кіру - академиялық адалдықты бұзады. Тәртіп бұзушылық бәрібір түбінде белгілі болып, соңы жақсы болмайды. Сен ҰБТ-ны шпорсыз да жақсы тапсырасың.
  3. ҰБТ-ға кірер алдын зиянды тамақтар емес, жеңіл ас қабылда. Мысалы, сұлы жармасынан (овсянка) дайындалған каша ұзақ уақытқа дейін аштық сезімін білдірмейді.
  4. Ұйқыны реттеу маңызды. Миды ретке келтіргендей үстелді жиі ретке келтір, 1 күн қалғандағы дайындық - дұрыс шешім емес.
  5. ҰБТ алдында көңіл-күйіңді бұзатын жағдайлардан барынша аулақ бол. Себебі, оның барлығы теріс әсерін тигізеді.

ҰБТ қазір сенің өміріңдегі шешуші сәттердің бірі болып көрінуі мүмкін, дегенмен олай емес. ҰБТ-дан сәтті өтіп, грант иегері атануларыңа тілектеспіз.