Қазақша посттар
2022-07-28 09:16 Пайдалы кеңестер

ҰБТ-дан құлаудың да пайдасы бар 😱

Жеңіліске ұшырау - ұялатын немесе қорқатын нәрсе емес. Керісінше, қателік жасау арқылы сен өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік аласың, алға жылжисың. Сондықтан қателіктер жаса, бірақ олардан сабақ алып, нәтиже шығаруды ұмытпа.

  1. Неғұрлым жиі сәтсіздікке ұшыраған сайын соғұрлым сәтсіздікке ұшыраудан қорықпайтын боласың. Әрбір сәтсіздік саған жігер беріп, алға қарай жылжуға итермелейтін болады. Ал ол үшін сен сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тауып үйрену керексің.
  2. Ұлы адамдардың өміріне бір шолу жасап шықшы. Көпке бармай-ақ, қарапайым Илон Маскты алып қарайық. 17 жасында басқа елге (АҚШ-қа) оқуға келіп, қаншама сәтсіздіктер көрсе де, өз арманынан бас тартпай, қазіргі таңда әлемдегі ең ақылды және бай адамдардың біріне айналып отыр. Бұның бәріне Маск өз қателіктерінен сабақ алып, өз ісіне мықтап берілгендігінің арқасында қол жеткізді.
  3. Сәтсіздік бізге мақсаттарымызды айқындап, шын мәнінде нені қалайтынымызды анықтауға көмектеседі. Егер сен қайта-қайта сәтсіздікке ұшырап, ешқандай нәтижеге қол жеткізбей жүрсең, демек бұл сенің алдыңа қойған мақсатыңның айқын еместігінен немесе сенің ол мақсатқа бар жан-тәніңмен тырысып, қол жеткізгің келмейтіндігінен болуы да мүмкін. Әрбір жеңілістің бір себебі бар дегендей, егер нақты нәтиже көріп, жетістікке қол жеткізгің келсе, ең алдымен арман-мақсаттарыңды сұрыптап, айқындап, алдын-ала жоспар құрып алғаның жөн.