Қазақша посттар
2022-04-04 11:42

Грант саны көбейеді 😍

Ресми ақпарат 📣


2022 жылы Қазақстандағы ЖОО-ларда оқуға арналған гранттар саны 5 мыңға артады . Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді.



Маңғыстау және Атырау облыстарында тұратын талапкерлерге техникалық бағыттар бойынша қосымша нысаналы гранттар бөлінетін болады.



Олар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады және оқу аяқталған соң тұрғылықты жерлеріне барып мамандығы бойынша қызмет етеді.



Сондай-ақ, 2025 жылға дейін гранттар санын 75 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр. Оның ішінде техникалық бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді, IT бағытына бөлінетін грант саны 20%-ға өседі.



ҰБТ-ға байланысты соңғы жаңалықтар Joo.kz приложениесінде.