Қазақша посттар

Интернет ұстаздың пайдасы

Бәрің үкіметтің ұсынған тарифіне кіріп алып, оқудан бас алмай жатырсыңдар. Бәрекелді! Бірақ кітапқа шұқшия бермей, арасында смартфонға да кіріп отырыңыз. Шынымен айтып жатырмын ба? Иә!





Бәрібір мен айтпай-ақ кіріп жүрсіз ғой. Оны дұрыс пайдаға асырайық. Мысалы, тарихтан бес беттік материалды оқып бітем дегенше іш пысады. Ал оның интернетте қызықты видеосы бар.





Химиядан бір тақырыпты түсіну қиын. Оның үстіне Қазақстан мектептерінде көзіңе көзілдірік кигізіп, колбаны жарып, эксперимент жасай бермейтіні анық. Осындайда интернетке кіріп, қызықты видеоларын көріңіз. Есіңізде жақсы қалады.





Разрушители легенд деген бағдарлама болушы еді бұрын. Соны көрген сайын мектепте физика мен химиядан осы екі кісі берсе ғой деп армандап отырушы едік.



Смартфон мен интернетті сабақты қызығырақ, тереңірек түсінуге пайдаланыңыз. Тек қуып кетпеңіз.