Қазақша посттар
2022-08-03 11:50 Пайдалы кеңестер

Уақытты тиімді пайдалану үшін 5 кеңес

Сен үнемі бір жерге асығасың, ештеңеге уақытың жоқ, және көбінесе бұл сені күйзеліске алып келеді, одан құтылу қиын. Бұлар уақытты тиімсіз бөлуге әкеледі. Стресстің құрбаны болмау үшін, уақытты басқаруға, дәлірек айтсақ, уақытты тиімді басқаруға – тайм-менеджментке көңіл бөлейік.


№1 кеңес. Күнделік арнау. Ия, ол жерге барлық жасалуы керек істерді еңгізіп, уақытына қарай бөлуің қажет. Сол жағына – уақытты, оң жағына – істі.


№2 кеңес. Келесі күннің жоспарын бүгін кешке жазып қой.


№3 кеңес. Апта соңы жаңа аптаны жоспарлап жаз.


№4 кеңес. Әр айдың соңында орындалмай қалған істерді бітіріп, жаңа айдың жоспарын құр.


№5 кеңес. Өзіңе көп жүк артпа. Маңызы аз жұмыстарды кейінге қалдырып, ең маңызды дегендерді ең алдымен жасауға тырыс.

Есіңде болсын: неғұрлым көп іс бітірсең, соншалықты жұмысыңның және өміріңнің сапасы артады.