Өзіне сенімді адамға тән 6 қасиет
- Өзіне сенімді адамдар айналасында болып жатқан жағдайларды мұқият бақылап, өзгелермен оңай тіл табыса біледі.
- Өзіне нық сенімді адамдар кез келген жағдайға тез арада бейімделіп, қиындықтарға мойымай, керісінше, қарсы тұрып, төтеп бере алады.
- Өзіне сенімді адамдардың тағы бір ерекше қасиеті: олар өз мақсаттарына жету үшін тынбай еңбектеніп, өмірдің берген әр мүмкіндігін пайдаланып қалуға асығады.
- Өзіне сенімсіз адамдар бір сүрінсе болды, қайта көтерілуге талпынбайды. Олар үшін тағы бір рет тырысып көрудің орнына, беріле салған әлдеқайда артық.
- Жетістікке жеткісі келген адам ең алдымен өз-өзіне сенімді болуы керек. Өзіңе, өз күшіңе сенімді болмайынша, қандай да бір нәтижеге жетіп, арманыңды орындауың екіталай.
- Өзіңе деген сенімділікті арттырғың келсе, өз-өзіңнен мін іздеп, өзіңді өзгелермен салыстыруды доғар. Одан да өзіңді дамытуды, алға қарай жылжуды ғана ойлап, басқалардың пікіріне мән беріп, басыңды ауыртпа.