Өзіне сенімді адамдар айналасында болып жатқан жағдайларды мұқият бақылап, өзгелермен оңай тіл табыса біледі.
Өзіне нық сенімді адамдар кез келген жағдайға тез арада бейімделіп, қиындықтарға мойымай, керісінше, қарсы тұрып, төтеп бере алады.
Өзіне сенімді адамдардың тағы бір ерекше қасиеті: олар өз мақсаттарына жету үшін тынбай еңбектеніп, өмірдің берген әр мүмкіндігін пайдаланып қалуға асығады.
Өзіне сенімсіз адамдар бір сүрінсе болды, қайта көтерілуге талпынбайды. Олар үшін тағы бір рет тырысып көрудің орнына, беріле салған әлдеқайда артық.
Жетістікке жеткісі келген адам ең алдымен өз-өзіне сенімді болуы керек. Өзіңе, өз күшіңе сенімді болмайынша, қандай да бір нәтижеге жетіп, арманыңды орындауың екіталай.
Өзіңе деген сенімділікті арттырғың келсе, өз-өзіңнен мін іздеп, өзіңді өзгелермен салыстыруды доғар. Одан да өзіңді дамытуды, алға қарай жылжуды ғана ойлап, басқалардың пікіріне мән беріп, басыңды ауыртпа.