Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жасампаз жандардың 5 дағдысы

  • Бірінші дағды: Проактивті бол

Проактивті болу дегеніміз - адамның өз өмірінде болып жатқан жағдайларға тек өзі ғана жауап беретінін білдіреді. Яғни барлығы адамның өзіне байланысты десек те болады.

Көптеген адамдар олардың өмірін қандай да бір ғажайып жағдайлар немесе өзге адамдар өзгерте алады деп ойлайды. Бірақ сөзбен айтып, құр армандағаннан әлі ешкім де жетістікке жеткен жоқ. Жетістікке тек өзінің айтқанынан қайтпайтын, табанды және кез келген мәселенің шешімін табуға тырысатын адамдар ғана жете алады. Міне, проактивтілік деген осы. Әлемді өзгерту үшін, ең алдымен, өзіңді өзгертуің керек.


  • Екінші дағды: Мақсатыңа жетіп, жетістікке жеткеніңді көз алдыңа елестет

Егер адам үнемі өзінің мақсатын санасында ұстап, визуализация жасайтын болса, онда ол өз жолынан ешқашан адаспайтын болады. Бастысы, әрбір адам өзінің қандай бағытта жылжу керектігін жан-тәнімен сезінсе болғаны. Ары қарай ол өз алдына дұрыс мақсаттар қойып, соңында өз дегеніне жететін болады.


  • Үшінші дағды: Басты іске баса мән бер

Ең маңызды істерді бірінші орындауға тырыс. Жетістікке жеткің келсе, басты істерді кейінге қалдыра бермей, уақытылы орындап отыруды әдетке айналдыруың керек. Сол үшін де, өзің құрған жоспарға толық бағынып, маңызды және маңызды емес істердің ара-жігін ажырата біл.


  • Төртінші дағды: Жеңдім/Жеңдім күйінде ойлан

Айналаңдағылармен араласқан кезде әрбір адамның пікірін тыңдап, барлығына бірдей қарауға тырыс. Бұл - Жеңдім/Жеңдім стратегиясы деп аталады. Жетістікке жеткісі келетін адам екі жаққа да ыңғайлы, дұрыс шешім таба білгені жөн. Жан-жағындағылармен келісімге келіп, тіл табыса алатын адам ғана жетістікке жете алады.


  • Бесінші дағды: Әуелі түсінуге, содан кейін барып, түсінікті болуға ұмтыл

Жақсы сөйлей білетін адамнан гөрі мұқият тыңдап, жақсы кеңес бере алатын адам артық. Бұл дегеніміз барлық адамдардың айтқанымен келісе беруді білдірмейді, тек сөйлеушіні тыңдап, оның жағдайын түсіне білуді білдіреді. Жетістікке жету үшін қасыңда сені қолдап, шынайы дос бола алатын адамдардың жүргені жақсы, сондықтан өз кезегіңде, ең алдымен, сен олардың сеніміне кіріп, кеңесіңді айтып, тұрақты қарым-қатынас құруға қадам жасауың керек. Содан соң әлгі адам да саған сеніп, сенімен дос болуға екінші қадамды жасаған кезде, сен де, өз мәселеңді айтып, көмек сұрай аласың.