Қазақша посттар
Мына кеңестерді күн сайын оқы
Мотивация

Мына кеңестерді күн сайын оқы

Құрметті түлектер, оқушылар. Сендерге пайдалы ақпарат, мотивация беруден шаршамаймыз. Біз кезінде ҰБТ-ға дайындалып жүргенде, күн сайын осылай шабыт беретін ешкім болмады. Ал сендер бақыттысыңдар. Ендеше, шабыттың тағы бір мөлшерін бойға сіңіріп алыңдар.


1. Егер адам үнемі бірдеңені дұрыс істемей, қателік жіберуден қорқатын болса, ол дәл қазір өз өміріндегі ең үлкен қателікті жасап жатқанын байқамай да қалуы мүмкін.✔️

2. Өзіңнің жақсы және жаман жақтарыңды қабылдап, ішкі гармонияға ұмтыл.✔️

3. Өзгелердің сен туралы ойлары мен пікірлерін әрдайым шындық деп қабылдай берме. Бәріне бірдей ұнап, жаға алмайсың. Сондықтан сен туралы негативті ойлайтын адамдардың сенің өміріңе араласуына жол берме.✔️

4. Өзіңді қандайсың, сол қалпында қабылда. Сонда ғана барлық уайым, қобалжу және комплекстеріңнен айырылып, толыққанды өмір сүре аласың.✔️

5. Әлем - нейтралды. Оны жақсы немесе жаман қылу - өз қолымызда. Сондықтан өзіңе де, айналаңа да қуаныш сыйлағың келсе, жан-жағыңды позитивті түрде қабылдап үйрен.✔️