Әр адамның өз армандары, мақсаттары болады. Біреу тіл үйренгісі келсе, біреу қаржылық жағдайын жақсартқысы келеді. Бірақ көп адамдар тек теориялық біліммен ғана шектеліп, практикаға жеткілікті көңіл бөлмейді. Сол себептен адамдардың барлығы бірдей мақсаттарына жете бермейді.
Әрине, теория маңызды, бірақ практика одан да маңыздырақ. Егер сен кітаптан немесе басқа адамнан алған біліміңді өмірде қолданып, пайдаға асыра алмасаң, онда бұл оқыған уақытыңның зая кеткенін білдіреді.
Құр теорияны оқу проблеманы шешуге көмектесе алмайды. Тек практика жасап, қателік жіберу арқылы ғана жетістікке жете аласың.
Тіл үйрену үшін тек курстарға қатысып, кітап оқу жеткіліксіз. Тілді толықтай меңгеру үшін күн сайын практика жасап, сол тілде сөйлесіп, тіл үйренудің әртүрлі әдістерін байқап көру керек.
Сол секілді бизнесті қалай бастау керектігі туралы кітапты оқып, бірақ бизнес бастамайтын болсаң, онда бұл біліміңнің тек теория жүзінде ғана қалып қойғанын көрсетеді.
Біздің айтпағымыз, егер қандай да бір істе нәтижеге жетіп, мақсатыңды орындағың келсе, уақытыңды 100% деп санап, оның 20% теорияға, ал қалған 80% тәжірибеге жұмса.