Қазақша посттар
2022-04-13 16:27

Жоспарлы еңбектің алмайтын қамалы болмайды

Германияның алда болуының бір себебін айтайын ба? Оларда барлығы жоспармен жүзеге асады. Оқу жоспары бір жыл бұрын дайындалады. Бізде қыркүйекте оқу басталды десек те, қараша айында ғана сабақ кестесі тұрақталады.





Германияда зауыттардың алты айлық жоспары дайын тұрады. Тамыздың 16-сына машина құрастыратын зауыт қандай жұмыс істейтінін біледі. Егер жоспарда ештеңе жазылмаса, онда ештеңе істемейді. Күн сайын жұмысқа келгенде бүгін қандай жұмыс істеуің керектігін біліп тұрасың. Білмеу мен білудің арасы өлі мен тірінің айырмашылығындай емес пе???





Германияда пойыздардың вагоны қай тұсқа келетіні жазылып қойылған. 6-вагонға мінгіңіз келсе, онда №6 деп жазылған орынға барасыз. Біздегідей алма сатып тұрған апалардан сұрап жүрмейсіз.





Айтқым келгені, жоспарлы еңбектің алмайтын қамалы болмайды. Біз де Германиядан басып озатын күн туар. Оны тудыратын білімді жастар.