ҰБТ-ға дайындалу үшін лайфхактар
1) Жаңа ақпаратты оқығанда таймерді 30 минутқа қой. Уақыт біткенде 5 мин сергіп ал. Әрі-бері жүріп, шай мен печенье жеп немесе жаттығу жаса.
2) Сұрақтың жауаптарын жазып, сосын оны дауыстап оқы. Ол көзбен көріп, ауызбен айтып, құлақпен есту арқылы есте жақсырақ сақтайсың.
3) Әр пәнге дайындалғанда әр түрлі жерде не бөлмеде дайындалған жақсы. Сонда есте сақтау ықтималдығы артады.
4) Назар аудартатын заттар, мысалы телефонды алысқа қой. Бес минуттық үзіліс жасағанда ғана қарауға болады.
5) Егер сұрақ қиын, оған біраз уақыт әрі назар бөлу керек болғанда, телефонды «режим полета»-ға қой.
6) Оқуға дайындалғанда үйдегі адамдарға мазаламауын өтініп қой.
7) Ұзақ дайындықтан кейін 20-30 минут тынығып ал. Диванға жатып, көзді тұмшалап, демал.
8) Қажетті заттар жаныңда болсын. Олар үшін қайта-қайта орныңнан тұрып, бара беру уақытты алады. Мысалы, су, кофе, шай, күн салқын болса қалың киім, банан, жаңғақ, т.б.
9) Артық шудан арыл. Мысалы, теледидар. Классикалық музыкамен дайындалуға болады. Бірақ ыңылдап әнге қосылып жатсаң, онда өшіріп таста.