1. Қайсысы жаман: сәтсіздікке ұшырау ма, әлде өз бағыңды сынап, бір байқап көрмеу ме?
2. Сен өз өміріңде болып жатқан жағдайларды қаншалықты бақылап отырасың?
3. Егер саған басқа елге көшуге мүмкіндік берсе, сен қай елге көшетін едің және не себепті?
4. Егер біз қателіктерімізден сабақ алып, тәжіриебе жинайтын болсақ, онда не себепті біз қателік жіберуден қорқамыз?
5. Балалық шағыңдағы ең бақытты естелігің қандай және не себепті?
6. Сенің ең үлкен қорқынышың қандай?
7. Егер сен өз-өзіңе дос бола алсаң, өзің сияқты досыңның болғанын қалар ма едің?
8. Егер саған әлемде бір ғана нәрсені өзгертуге рұқсат берсе, ол қандай нәрсе болар еді?
9. Осыдан 5 жыл бұрын сенің қандай да бір қиындыққа тап болғаның есіңде ме? Ол жағдайдың қазір сен үшін маңызы бар ма?
10. Өз өміріңдегі жағдайлар мен мәселердің шешімін өзің қабылдайсың ба, әлде сенің орныңа басқа біреу қабылдайды ма?