Қазақша посттар
2022-07-28 11:41 Мотивация

Грант ұту жүк емес, жеңіл іс болсын десең...

Грант ұтып алуды ойлағанда, оған апаратын жолдың ауыр екені бірден ойыңды шырмап алады. Бір жыл бойы дайындалу, емтихан тапсыру, есеп шығару, сұрақ жаттау, кітап оқу, ұйқысыз түндер, т.б. Әрине, осыдан кейін ми сен үшін сылтау таба бастайды. «Көрдің бе қандай қиын екенін? Оның не керегі бар? Одан да сәл демала тұрайық. Видео көрейік» дейді. Ата-анаң «ҰБТ-ға дайындал» десе, ішіңнен «туф! Осы ҰБТ-ны кім шығарды екен?» деп қиналып кетесің. Осы жүкті жеңілдетудің жолын айтайық.


Өзіңді білімді, сенімді, ҰБТ-дан жоғары балл жинайтын, грантқа оқуға түсетін адам ретінде ойлап көрші. Ондай адамға бірнәрсені күштеп оқыту мүмкін емес. Ол өзінің білімді екенін дәлелдеу үшін оқиды. Оқыған сайын, дайындалған сайын дәлелдейді. «Туф, тағы да математика, бітпейтін математика! Қашан құтылады екенмін?» демейді. Санасы керісінше «менің білгім келеді, үйренгім келеді, мен білімді адаммын, грант ұтатын адаммын» деп тұрады.


Бір образға енген соң оның әдеттерін жасау оңай болады. Бұл түсіндірудің бәрін қазақтың «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген бір ауыз сөзімен түйіндеуге болады. Өзім мықтымын дейтін адамға бәрі оңай.