Біз қандай да бір мәселеге байланысты шешім қабылдағанда, миымызда нейрондардың шайқасы болып жататынын білесің бе?
Түскі уақыт. Достарың пиццаға тапсырыс беруде. Сен өз-өзіңе дұрыс тамақтанамын деп уәде бердің, бірақ достарыңның да көңілін қалдырғың келмейді. Сенің алдыңда таңдау тұр: не басқалармен бірге пиццаға тапсырыс беріп, бірақ кейін өзіңді сол үшін кінәлайсың, не түскі асқа салат секілді пайдалы ас ішіп, өзіңе берген уәдеңді орындайсың. Қарап тұрсаң, бәлендей мәселе емес сияқты көрінеді, бірақ бұл уақытта миымызда не болып жатады?
Сен пицца мен салаттың арасында таңдау жасай алмай, қиналып тұрғанда, сенің миыңда мыңдаған нейронды жасушалар бір-бірімен белсенді түрде араласып, нағыз нейронды шайқас болып жатады.
Нейрондардың бір тобы пиццаға дауыс беріп, миға пиццаның қандай дәмді екені жайлы және пиццамен байланысты жақсы естеліктерді миға сигнал ретінде жібереді. Ал қарама-қарсы нейрондар тобы салатқа дауыс беріп, шайқасты өз пайдаларына қарай шешуге тырысады.
Бұл шайқаста кімнің қаруы мықты сол жеңіске жетіп, ми жеңген топтың шешімін қабылдайды.
Міне, әрбір сенің алдыңда таңдау жасау керек жағдай пайда болғанда, миыңда нейрондардың ұлы шайқасы басталып, саған дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Сондықтан кезекті бір таңдауыңды жасап жатқан кезде бір сәтке тоқтап, миыңның сен үшін қандай жұмыс атқарып жатқанын есіңе ал. Оған рақмет айтып, миыңды әрдайым пайдалы ақпаратпен және дұрыс тынығу секілді нәрселермен қамтамасыз етіп, оны дамытуға көп көңіл бөлуге тырыс.