Қазақша посттар

1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек

1. Алдыңызға үлкен мақсат қоюға батылдық

Сіз қолжетпес мақсатты қоюға батылсыз ба? Егер адам қолжетпес мақсат орындауға талпыныс жасамаса, өмірінде үлкен табысқа жете алмайды. Дәл қазір әрекет етуді бастаңыз! Мүмкін емес деген сөзді ұмытыңыз!





2. Қателіктер санын арттырыңыз

Қателеспеген жан ешнәрсеге үйренбейді. Аз сәтсіздік арқылы үлкен табысқа жеткен адамдар бірен-саран.





3. Күш жігер

Сіздің арман-мақсатыңызға жетемін деген жігер сізді алдыға жетелеуі қажет. Ол сізге жалқаулануға, ұйықтауға маза бермейді.





4. Жетістік үнемі жетілдіруді талап етеді

Бір орында тұрып қалу деградация мен регреске әкеледі.





5. Визуализация

Өз ойыңыздағы, идеалыңыздағы өмірге ұмтылыңыз. Мақсатыңызды орындалған етіп көріңіз.



Сабақ істеймін, жұмыс істеймін деп өткізген ұйқысыз түндердің жемісі міндетті түрде оралады. Өзіңіздің күшіңізге сене біліңіз!