Өзгелер туралы сізге өсек айтатын адамға құлақ аспаңыз!
Сіздің сөзіңізді үнемі бөле беретін адамға құлақ аспаңыз!
Ешқандай қателіктен сабақ алмай сізге жетістікке жетудің жолын көрсетем деген адамға құлақ аспаңыз!
Сізді үнемі артқа тартатын достарыңызға құлақ аспаңыз!
Сенің қолыңнан келмейді деген адамға құлақ аспаңыз!
Өзіңіз туралы сын айтқан кезде өзіңізге де құлақ аспаңыз!
Кейде біз адамдар өзімізге не айтса соны тыңдап, негативтің бәрін ішімізге жинап жүре береміз. Сондықтан өзіңіздің көңіл-күйіңізді түсіріп, тура жолдан тайдыратын адамдарды тыңдамаңыз. Ұлы адамдарды білесіз ғой, оларға небір сыни пікірлерді айтса да олар өз жолдарынан ешқашан да тайқыған жоқ.