- Тестілеу аяқталған соң, бірден аудиториядан шығуға асықпай өзіңнің қай сұрақтан қате кеткеніңді қарап шық. Сұрақтарды барынша еске сақтап, келесі мүмкіндікте жаңылысқан тақырыптан сүрінбеуге тырыс.
- Ата анаң мен ұстазыңа хабарлас. Олар біз үшін бізден артық уайымдайды. Сол себепті, мейлі жинаған баллыңа көңілің толмаса да жақындарыңмен байланыс. Олардың қолдау сөздері әрдайым демеу болары анық.
- ҰБТ тапсырып шыққан соң бірден мен білмейтін сұрақтар келді, мен оқу керекпін деп сабақ үстеліне жайғасқаннан гөрі, таза ауамен тыныстап, ауыр күннің өз мәресіне жеткенін миыңа жеткіз. Сенде әлі екінші мүмкіндік болса, осыған дейін жасаған қай әрекет қате екенін біліп сарапта. Ол келесі де көмегін тигізеді.
- Университет таңда. Әлі менде бір ай бар деген сылтаумен уақыт оздырма, жеті рет өлшеп бір рет кес. Университеттер жайлы көбірек ақпарат жина.
- Қанша балл жинасаң да, шындыққа мойынсұн. Ең бастысы, осы уақытқа жетіп, үлкен тәжірибе жинағаның. Өзің жинаған баллмен қандай мамандыққа түсе алатыныңды көр. Ол үшін МЫНА сілтемеге өт.