Өз дегеніңе жетудің бір кілті - сенімділік. Өз-өзіңе сенімді болуға 5 қадам:
Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңнің барлығын есіңе түсіруге тырыс. Олар емтиханнан жақсы баға алу немесе жүзіп үйрену секілді қарапайым жетістіктер болуы мүмкін. Әрбір ұсақ мақсаттарыңды орындай алғаның үшін өзіңді мақтап, елеп отыр. Бұл сенің сенімділігіңді нығайтып, одан да үлкен жетістіктерге жетуге мотивация береді.
Әр адамның бойында басқалардан ерекшелеп тұратын таланттары мен қабілеттері болады. Сенің мақсатың - өзіңнің бойыңда бар қабілеттерді анықтау, дамыту және өмірде қолдану.
Қандай киім кигенде өзіңді сенімді сезінесің? Қандай түсті киімдерді жақсы көресің? Осы сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңе ұнайтын стильді тауып, сенімділігіңді арттыр.
Отырғанда, тұрғанда және жүргенде еңсеңді көтеріп, арқаңды тік ұста. Бұл сені сырттай өз-өзіне сенімді адам ретінде көрсететін болады.
Сөйлеген кезде де даусыңды анық шығарып, өз пікіріңді ашық айтудан қорықпа. Басында сәл қобалжығаныңмен, уақыт өте келе бұл әдетке айналып, өзіңе әлдеқайда сенімдірек бола түсесің.