1. Рухы мықты әрі өзіне сенімді адамдардың көңіліне тиіп, ренжіту қиын нәрсе. Олар өздері туралы айтылған негативті ескертпелер мен сындарды елемейді және оларды ойлап уақытын да зая кетірмейді.
2. Сабырлылық, салқынқандылық және өз эмоцияларын бақылай білу - мықты тұлғаларға ғана тән қасиеттер. Олар кез келген мәселені шешу барысында эмоцияның жетегіне емес, ақылдың жетегіне ере отырып шешім қабылдауға тырысады.
3. Мықты адам өзін-өзі сыйлап, өзінің мінсіз емес екенін түсінеді. Ол үнемі ізденіс үстінде жүріп, өз-өзін дамытудан жалықпайды және ешқашан да "мен барлығын білемін" деп айтпайды
4. Мықты адам өзінің әлсіз және мықты жақтарын анықтап алғаннан кейін әлсіз жақтарын сол қалпында қабылдап, бірінші орынға туа біткен таланттары мен ерекшеліктерін қойып, соларды дамытуға әрекет жасайды.
5. Рухы мықты адам қандай жағдай болмасын өз сөзіне, денсаулығына және іс-әрекетіне жауап беріп, мойнына жауапкершілік алудан қорықпайды.