Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Сен осы екі адамның қатарынан болма!

Кез келген елді артқа тартып, өнердің дамуына кедергі жасайтын екі нәрсе бар: біріншісі – шебер бола алмаған суретші; екіншісі – суретші бола алмаған шебер. Бұлар кімдер?


Біріншісі: өз ісінің маманы бола алмаған адам. Елімізде заңгер, сварщик, дәрігер, ұстаз көп. Бірақ ішінде ерекшеленетін, өз саласының жілігін шағып, майын ішкен, өзгелерді мойындата білетіндері сирек.


Екіншісі: бойында көрініп тұрған талантына қарамай, басқа мамандық таңдаған адам. Біреу есепке жүйрік бола тұра, отбасы заңгер бол деген соң, соған кеткен. Біреу тіл үйренуге қабілеті жоғары, бірақ күзетші болып жүр.


Сен осы екі адамның қатарынан болма. Қабілетіңе сай келетін мамандық таңда. Сосын сол саланың басынан соңына дейін оқып, толық меңгеріп шық. Сол салада айына бір кітап оқы. Физика пәнінің мұғалімі болсаң, Қазақстандағы ең мықтысы бол.

Мамандықтар жайлы білгің келсе, JOO.kz қосымшасындағы «Мамандықтар» бөліміне өт. Сен іздеген барлық ақпарат сонда.