Қазақша посттар

Грантқа түсе алмасам, басқа қандай жолдары бар? 🧐

Постты оқы 👇🏻


Оқушы кезінде бәрі жақсы, грантқа түсе алмайтын түлек қайдан шығады? демекші, ҰБТ-дан кейін түрлі оқиғалар болуы мүмкін.



Грантқа түсуің мүмкін, түспеуің де мүмкін. Грантқа түспеген кейбір оқушылар Енді не істеймін? деген сұрақты өзіне бәрі бітіп, бояуы сіңіп қойғаннан кейін қояды.



Сен сондай жағдайға дайын жүрсін деп, егер грантқа түсе алмасаң ары қарай не істеуге болатыны туралы жазайын.





1. Үзіліс жылы



1 жыл өзіңе үзіліс жасап, ҰБТ-ға жаңа қарқынмен дайындалып, келесі жылғы түлектермен бірге ҰБТ тапсырсаң болады. Сол кезде де грантқа түсуге мүмкіндік бар.



Мысалы, Аңсаған есімді стэндап комик ҰБТ-ны 3 рет тапсырып, үшіншісінде ғана грантқа түскен.





2. Университеттерден жеңілдік



Жыл сайын университеттер белгілі бір мөлшерде түлектерге ішкі гранттар, жеңілдіктер ойнатады. Ол жеңілдіктер жайлы білу үшін өзің армандап жүрген университетке хабарласып, алдын-ала сондай жеңілдіктердің бар-жоғын сұрап білсең болады.



Айтпақшы КазГЮУ, МУИТ, СДУ, АЛиТ, AIU университеттері біздің оқушыларға арнайы 50 ішкі грантын бөлді. Курсқа қатысатындар ғана сол грантты ұта алады.





3. Ақылы түрде оқып, кейін грантқа ауысу



Мысалы, оқуға 20 студент түсті. Оның 15-і ақылы түрде оқиды, қалған 5-і грантта оқиды. Сен ақылы оқитындардың қатарындасың.



1-семестрден кейін грантта оқитын 1 бала Маған мамандық ұнамады деп оқудан шығып кетсе, оның бос қалған грантына ақылыда оқып жүрген студенттер таласады. Үлгерімі жақсы, белсенді болып жүрген ақылыда оқитын студент сол грантты ұтып алады.