Қазақша посттар
2022-07-28 10:57 Пайдалы кеңестер

Неге 70% адам орта жолдан беріледі?

1. Мақсатың айқын болса, оны орындау әлдеқайда жеңіл болады. Мысалы сен бір жыл ішінде 30 кітапты оқып бітіруді мақсат етіп алдың делік. Ал енді бұл мақсатты нақтырақ ету үшін саған:

    а) Оқығың келетін кітаптардың тізімін жасау керек;

    б) Кітаптарды электронды немесе дәстүрлі форматта оқисың ба, соны анықтау керек;

    с) Оларды оқуға күніне қанша уақыт жұмсайтыныңды білу қажет.

Міне, осы мысалға сүйене отырып, мақсаттарыңды құра берсең болады.


2. Дедлайндар - мақсатқа жету жолындағы маңызды бөліктердің бірі. Сол себепті алдыңа мақсат қойсаң, оны қай уақытқа шейін орындау керектігіңді белгілеуді ұмытпа.


3. Адамдардың мақсаттарына жете алмауының бір себебі: Алдарына мақсат қойғанымен, оған қалай жету керектігін білмеуінен. Сондықтан егер мақсатыңа жеткің келсе, оны бірнеше бөліктерге бөліп тастап, орындауға кеңес береміз. Бұл мақсатқа жету процесін жеңілдетеді әрі мотивацияңды жоғалтып алмауға көмектеседі.


4. Егер сенімен мақсаты бір адамдар болса, солармен бірігіп, мақсатыңа жетуге тырыс. Бұлай жасау саған мақсатыңнан айнымай, құлшынысыңды сақтауға мүмкіндік береді.


5. Мақсатқа жету ешқашан оңай болған емес және болмайды да. Алдыңнан талай кедергілер шығып, бәрін тастап, беріле салғың келетін кездер болады. Сондай уақыттарда шыдамдылық танытып, ештеңеге қарамай, тек мақсатыңа жетуді ғана ойла. Қандай жағдай орын алса да, сәтсіздіктердің сені мақсатыңнан бас тартқызуына жол берме.