ҰБТ қорқынышты көрінгенмен, оның артықшылықтары көп.
Біріншіден , ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, грант ұтып аласың.
Екіншіден , ҰБТ-дан аз алып қалсаң, ақылы оқуға түсе аласың.
Үшіншіден , биыл оқуға грантқа түсе алмасаң немесе ақылы бөлімге оқығың келмесе, онда келесі жылы қайтадан тест тапсырып, түсе аласың.
Төртіншіден , келесі жылы да түсе алмасаң, үшінші жылы, төртінші, бесінші жылы да түсе аласың.
Бесіншіден , ҰБТ алғашқы сынақ. Осылайша өмірдің әрдайым сынақтардан тұратынын көрсетеді. Дайындықпен ғана сынақтан өте алатыныңды сезінесің.
Алтыншыдан , ҰБТ тәртіпке бейімдейді.