Кемшілігіңізді қабылдап, өзіңізді сөгуді доғарыңыз. Әрине, өзгеріске ұмтылған жақсы, алайда өзіңізге тым қатал болмаңыз. Сіз өз-өзіңізді жетілдіру процесінде болғандықтан, бірден мінсіз нәтиже болуы мүмкін емес.
Көтеріңкі көңіл-күйде болған сәтіңізді немесе сізді қуантқан жағдайды есіңізде сақтап немесе жазып отырсаңыз болады. Бұл фильм, музыка немесе қызықты сәттер болуы мүмкін. Көңіл-күйіңіз болмағанда еске алып, өзіңізді біршама жақсы сезініп қаласыз.
Өзіңізді теріс ойлардан арылдырыңыз. Егер де жаман ойлар ойыңызды тұмшаласа, оларға қарсы тұрып, өзіңізді уайымдатуға жол бермеңіз.
Болашаққа мақсат пен жоспар құруда болымсыз етістіктерді қолданбаған жөн. Керісінше жағымды фразаларды қолданған дұрыс. Мысалы: Мен ҰБТ дан жоғары балл аламын немесе алдым деп, жақсылыққа ұмтылуға кеңес береміз. Бұл сізге мотивация беріп, уайым мен алаңдаушылықтан арылуға көмектеседі.