Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Тиктоктан шық!

Сен істейтін әрекеттің 20%-ы нәтиженің 80%-ын әкеледі. Әрекеттің қалған 80%-ы нәтиженің 20%-ын әкеледі. Парето қағидасын ұмытпаған шығарсың? Бұны дәл қазір қалай пайдаға асырамыз?


Сен қазір уақытыңның 20%-ын ҰБТ-ға дайындалуға жұмсап жатырсың. Қалған 80%-ы ұйқы, тамақ, демалыс, жол, әңгіме, видеоға кетіп жатыр.

ҰБТ-ға деп бөлген уақытыңның 20%-ын нақты үйрену керек нәрсеге жұмсайсың. Ал қалған 80%-ын білетін сұрақтарыңды қайталауға, қызықты материалды оқып кетуге, құр қиялдап кетуге жұмсайсың.


Маңызды! Қазір ояу жүретін уақытыңның 80%-ын оқуға жұмса. Иә, дәл солай. Ойынды қоя тұр. Білемін, өміріңнің басқа салалары ақсай бастайды. Көптен күткен киноңды көру үшін кинотеатрға бара алмауың мүмкін. Базарға барып әдемі киім алмауың мүмкін. Тойға бара алмауың мүмкін. Әдемі шаш үлгісін жасатпауың мүмкін. Досыңның туған күн кешіне бара алмауың мүмкін. Бірақ 4 айдан кейін ҰБТ-дан жоғары балл жинаған соң, қиындықтың бәрі ұмытылады. Одан кейін ақсаған салаларды бір аптада қалпына келтіре аласың. Сен үшін де бастысы қазір грант ұту емес пе?