Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Шет тілін тез меңгеріп алудың 5 құпиясы

1. Тіл үйренудің ең оңай жолы - өзіңді сол тілмен барынша қоршау. Яғни үйренгің келетін тілде фильмдер көру, ән тыңдау және әртүрлі курстар мен спикинг клабтарға қатысу.


2. Акценттен арылу үшін әрбір әріптің, сөздің дұрыс айтылуын білу керек. Ал оны білу үшін сол тілде жетік сөйлейтін адамдардың сөйлегенін тыңдап, тыңдалымға көп мән беруің қажет.


3. 1000 сөз білу арқылы сен шет тілінде жазылған ақпараттың 75%-ын түсіне аласың. Жаңа сөздерді әртүрлі қосымшалардан немесе сол тілде ойындар ойнау арқылы үйренуіңе болады.


4. Сенімен бірдей тіл үйреніп жүрген адамдармен көбірек араласып, айына бір рет тілдер күнін жариялап, бір күн бойы тек сол тілде ғана сөйлесіңдер. Сонда тіл үйренуге деген қызығушылықтарың одан сайын артатын болады.


5. Өз ісінің мамандарымен бірге күнде дайындалып, жаңа тақырыптарды үйренумен қоса тапсырмалар орындап, біліміңді бекіту. Мұның бәрі біздің ағылшын тілі курсымызда қамтылған.

Деңгейіңді нөлден бастап көтергің келсе, МЫНА сілтемеге өт.