Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-дан 140 балл жинау үшін не керек? 😱

ҰБТ-дан 140 балл жинау үшін 1% талант, 99% еңбек қажет. Талант әркімде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, біреудің есте сақтау қабілеті басқадан жоғары. Енді біреудің тәртібі мықты, яғни, сабаққа дайындалғанда бәрін тәртіппен жасайды, ісі тыңғылықты. Тағы біреудің фокусы жақсы, яғни, бір іске ұзақ уақыт беріліп, соңына дейін жеткізе алады. Енді бірі болса, жауапкершілігі жоғары. «ҰБТ-дан жоғары балл жинаймын» деп өзіне жауапкершілік алса, соны орындамай тынбайды. Біреудің креативті ойлау деңгейі жоғары. Кез келген қиын сабақты ол оңай қабылдауы мүмкін.

Бұлардың бәрі – таланттар. Бірақ жалғыз талантпен алысқа самғай алмайсың. Бізге енді тынбай еңбек ету керек. Таңда тауықпен бірге оянып, кешке көктегі жұлдыздармен бірге ұйықтау керек. Еңбектенудің жөні осы екен деп, беталды шаба бермеу керек. Екі отыншының оқиғасын естіген боларсың?

Оның бірі бас көтермей шаба береді, шаба береді. Ал екіншісі арасында демалып, балтасын қайрап шабады. Сонда екінші адамның отыны көп боп шығады. Сол секілді еңбектену барысында арасында демалу қажет. Қандай әдіспен оқу тиімдірек болатынын зерттеу керек. Сонда өзің армандаған 140 балл алыстағы жұлдыз емес, қолжетімді мақсатқа айналады.