Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Бізді әлсіз ететін 3 жағымсыз әдет

1. Зерттеулерге сүйенсек, өткен ғасырдың 60 жылдары адамдар кем дегенде 8 сағат ұйықтайтын болса, қазір ол көрсеткіш 6,5 сағатты құрайды. Бұның себебі: адамдардың өмір сүру темпі жеделдеп, күн сайынғы жасаулары керек істердің көбейіп кетуінен. Ұйқы режимінің бұзылуы ағзаға ең алдымен стресс болып тиіп, көңіл-күйдің және продуктивтіліктің төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ "Ұйқыны демалыс күндері қандырып алам деу" - дұрыс емес, әрі олай жасаудың ағзаға түк пайдасы жоқ екені де дәлелденді. Сол себепті ұйқыны кейінге шегере бермей, бүгіннен бастап, ұйқыңды дұрыстауға көңіл бөлгенің жөн. 


2. Таңертең өзімізді ұйқыдан оятып, күні бойына сергек жүру үшін бір шыны кофе ішкенде тұрған ештеңе жоқ. Алайда кофені мөлшерден тыс ішу - ағзаға, керісінше, зиянын тигізеді. Сонымен қатар кофеинді сусындар адамды қайта-қайта шөлдетіп, уақыт өте келе адамда кофеге деген тәуелділік пайда болады. Сол үшін де, "Күніне 2-3 шыныдан артық кофе ішпеген дұрыс" - дейді мамандар. 


3. Оттектің жетіспеушілігі - организмдегі зат алмасуға әсер етіп, адамның тез шаршауына әкеліп соқтырады. Сондықтан егер күн сайын таза ауада серуендеуге мүмкіндігің болмаса, ең болмағанда, бірнеше минутыңды терең тыныс алуға жұмсауға тырыс. Сондай-ақ әртүрлі тыныс алу техникаларын үйреніп, тәжірибе жүзінде байқап көру де, ағзаға пайдасын тигізеді.