Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Саған ұмыту қажет 6 нәрсе

1. Өзіңе көңілің толмау

Сен өзіңе, ағзаңның бір мүшесіне көңілің толмауы мүмкін. Көзім неге үлкен болмады екен, құлағым неге кіші болмады екен деген секілді. Бірақ адам осы қалпымен сұлу жаратылған. Әр адам қайталанбас тұлға. Оны өзгертуге тырысу - ақымақтың ісімен тең. 


2. Біреуге бірнәрсе міндетті болу  

Сен ата-анаң, бауырларың, туысың, көршіңнен басқа ешкімге туралай міндетті емессің. Ал адамзаттың қарызы үшін жақсылыққа шақыруға міндеттісің. Ал бұдан басқа біреуге қарызың жоқ. «Мынаны бітіріп берші, шаруамды жасап берші» дейтін манипуляторларға алданып қалма. 


3. Түңілу 

Өмірдегі түкке тұрғысыз, ертең-ақ өтіп кететін болмашы нәрселер үшін түңілме, уайымдама. Өміріңде орын алған түрлі жақсылықтарды ойла. Сондай-ақ өзгелердің қалағанын емес, өзіңнің қалағаныңды жасауға тырыс. Әрине, өз қалауыңның дұрыс бағыттағы іс екеніне көз жеткізіп ал. Мысалы, ата-анаң саған дәрігер бол десе, сен «жан қалауым – мұғалім болу» деп өзіңнің қалауың үшін күресе аласың. Немесе ата-анаң саған «ЖОО-да оқып білім ал» десе, ал сен «жоқ, бірден жұмыс істеймін. Мықты адамдар колледжді тастап кеткен» деп өз қалауыңды жасауға тырыссаң, ақымақтық. 


4. Қорқыныш 

Сен қорқынышқа беріліп, ештеңе істемей отырғанда, өзгелер өз қорқыныштарын жеңіп, жетістікке жетуге талпынуда. 


5. "Қолымнан келмейді" 

Құлшынысың болса, сенің қолыңнан бәрі де келеді. 


6. Күту 

Ешкімнен ештеңе күтпе. Босқа қол қусырып отырғаннан пайда жоқ, одан да басқа мүмкіндіктер мен жолдарды ізде. Және де әрдайым қол астыңда форс-мажорлық жағдайларға арналған қосымша "В" жоспары жүрсін. Ештеңе істемей, жай ғана күту - жалқаулықтың белгісі екенін есіңнен шығарма.